Жол жүрісі ережелерін (ЖЖЕ) бұзғаны үшін айыппұлдар мен жауапкершілік
2026 жылы 1 АЕК = 4 325 ₸, ал Қазақстанда ЖЖЕ бұзғаны үшін ең жиі салынатын айыппұлдар мынадай: жылдамдықты 10–20 км/сағ асыру — 5 АЕК (21 625 ₸), қызыл сигналға өту — 10 АЕК (43 250 ₸), қауіпсіздік белдігін тақпау немесе рөлде телефонды қолға ұстау — 5 АЕК-тен. Мас күйде көлік жүргізгені үшін айыппұл жоқ: бұл — 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру. Төменде — жиі кездесетін бұзушылықтар кестесі және ҚР ӘҚБтК 30-тарауының қолданыстағы баптары теңгеге шаққандағы есебімен.
2026 жылғы АЕК бойынша қайта есептеу — 4 325 ₸. Ресми мәтін: ҚР ӘҚБтК.
Жиі кездесетін айыппұлдар 2026: бұл теңгемен қанша
| Бұзушылық | АЕК | 2026 жылғы сомасы |
|---|---|---|
| Жылдамдықты 10–20 км/сағ асыру (592-бап, 1-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Жылдамдықты 20–40 км/сағ асыру (592-бап, 2-бөлік) | 10 | 43 250 ₸ |
| Жылдамдықты 40–60 км/сағ асыру (592-бап, 3-бөлік) | 20 | 86 500 ₸ |
| Жылдамдықты 60 км/сағ-тан артық асыру (592-бап, 3-1-бөлік) | 40 | 173 000 ₸ |
| Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту (599-бап, 1-бөлік) | 10 | 43 250 ₸ |
| Бір жыл ішінде қызыл сигналға қайталап өту (599-бап, 2-бөлік) | 15 | 64 875 ₸ |
| Жаяу жүргіншіге жол бермеу (600-бап, 1-бөлік) | 10 | 43 250 ₸ |
| Қиылыста жол бермеу (594-бап, 2-бөлік) | 15 | 64 875 ₸ |
| Жарқылдауық маягы мен дыбыстық сигналы қосылған арнайы қызмет көлігіне жол бермеу (598-бап, 1-бөлік) | 20 | 86 500 ₸ |
| Қауіпсіздік белдігін тақпау (593-бап, 2-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Рөлде телефонды қолға ұстап пайдалану (591-бап, 1-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Бір жыл ішінде рөлде телефонды қайталап пайдалану (591-бап, 2-бөлік) | 10 | 43 250 ₸ |
| Бұрылыс сигналын бермеу (595-бап, 1-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Аялдау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу (597-бап, 1-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Тротуарда қағидаларды бұзып, гүлзарда, мүгедектігі бар адамдарға арналған орында тоқтап тұру (597-бап, 2 және 4-бөліктер) | 10 | 43 250 ₸ |
| Астана мен Алматыдағы ақылы тұрақ үшін төлемеу (597-бап, 4-1-бөлік) | 1 | 4 325 ₸ |
| Жол белгілері немесе жол таңбасы талаптарын сақтамау (601-бап, 1-бөлік) | 3 | 12 975 ₸ |
| Жол жиегімен немесе тротуармен жүру (596-бап, 1-бөлік) | 15 | 64 875 ₸ |
| Тыйым салынған жерде қарсы бағыттағы жолаққа шығу (596-бап, 3-бөлік) | 6 айға көлік басқару құқығынан айыру | |
| Тыйым салатын сигнал кезінде темір жол өтпесіне шығу (607-бап, 1-бөлік) | 20 | 86 500 ₸ |
| Нөмір белгілері оқылмайтын көлікті басқару (590-бап, 1-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Нөмір белгілерінсіз немесе тіркелмеген көлікті басқару (590-бап, 2-бөлік) | 10 | 43 250 ₸ |
| Дәрі қобдишасы, өрт сөндіргіш немесе авариялық тоқтау белгісі жоқ, пайдалануға тыйым салатын басқа ақаулар (590-бап, 5-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Міндетті техникалық қараудан өтпеген көлікті басқару (590-бап, 9-бөлік) | 5 | 21 625 ₸ |
| Міндетті сақтандыру шартының (ОГПО) болмауы (230-бап, 2-бөлік) | 10 | 43 250 ₸ |
| Алып жүру міндетті құжаттардың жанында болмауы: шетелдік куәлік, шетелде тіркелген көліктің құжаттары (612-бап, 1-бөлік) | ескерту не 5 АЕК (21 625 ₸) | |
| Құқығы жоқ немесе тиісті санаты жоқ адамның көлік басқаруы (612-бап, 2-бөлік) | 20 | 86 500 ₸ |
| Құқығынан айырылған адамның көлік басқаруы (612-бап, 3-бөлік) | 50 АЕК (216 250 ₸) не 10 тәулікке қамаққа алу | |
| Рөлді құқығы жоқ адамға беру (612-бап, 5-бөлік) | 50 | 216 250 ₸ |
| Материалдық залал келтірген ЖКО (610-бап, 1-бөлік) | 20 | 86 500 ₸ |
| ЖКО болған жерден кетіп қалу (611-бап, 2-бөлік) | 50 АЕК (216 250 ₸) не 1 жылға көлік басқару құқығынан айыру | |
| Полицияның тоқтау туралы талабын орындамау (613-бап, 1-бөлік) | 40 АЕК (173 000 ₸) не 3 тәулікке дейін қамаққа алу | |
| Масаң күйді куәландырудан бас тарту (613-бап, 4-бөлік) | 15 тәулікке қамаққа алу және 8 жылға құқықтан айыру | |
| Мас күйде көлік жүргізу (608-бап, 1-бөлік) | 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға құқықтан айыру | |
| Рөлді мас адамға беру (608-бап, 1-бөлік) | 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға құқықтан айыру | |
| Мас күйде қайталап көлік жүргізу (608-бап, 3-1-бөлік) | 20 тәулікке қамаққа алу және 8 жылға құқықтан айыру | |
| Ақылы жол үшін уақтылы төлемеу (628-бап) | 5 | 21 625 ₸ |
Тақырып бойынша ережелер қысқаша
Бұл бетте ҚР ӘҚБтК 30-тарауының жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және автокөлік иелеріне қатысты баптары берілген. Темір жол, әуе және су көлігі, тасымалдаушылар мен жол қызметтері туралы баптар — Кодекстің толық мәтінінде.
Бап 590. Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тіркелген көлік құралын басқару – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белг і ленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекетт і к т і ркеу нөм і р і белгілерін (белгісін) орнату – жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару, сол сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару – бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 4-1. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 5. Осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар
Бап 591. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.
Бап 592. Белгіленген жүру жылдамдығын арттыру
1. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейінгі шамаға арттыру – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейінгі шамаға арттыру – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына қырықтан алпыс километрге дейінгі шамаға арттыру – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3-1. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына алпыс және одан көп километрден астам шамаға арттыру – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады 5. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бап 593. Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 1-1. Он алты жасқа толмаған, ата-анасы және (немесе) өзінің заңды өкілі ертіп жүрмеген адамды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 1-2. Жолаушыларды көлік құралының кабинасынан (салонынан) тыс тасымалдау, сол сияқты олардың көлік құралы жүріп келе жатқанда оның терезелері мен люктерінен денесін шығаруына, есікті ашуына жол беру – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2. Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 594. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту – ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 595. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 596. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларын бұзып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлік колоннасын немесе жаяу колоннаны кесіп өту не оның арасынан орын алу – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес арнайы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекет – тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 597. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
1. Осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының, оның ішінде электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оның тоқтап тұруы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4-1. Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары айқындаған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 5-1. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 598. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу
1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтердің, сол сияқты сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалары, жазулары мен белгілеулері бар көлік құралының жүруіне басымдық бермеу – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2 Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға алып келеді.
Бап 599. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту
1. Осы Кодекстің 607-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 600. Жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу
1. Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 601. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегітаңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 602. Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзуы
1. Көлік құралдары жүргізушілерінің тәуліктің жарық мезгілінде сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзуы – ескерту жасауға алып келеді. 1-1. Көлік құралдары жүргізушілерінің тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгісін қолдану қағидаларын бұзуы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 603. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу
1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату – көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату – көрсетілген құрылғылар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу – жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 606. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы
1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрісіне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі қағидаларын бұзуы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Бап 607. Теміржол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу
1. Теміржол өтпелерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшінің тыйым салатын сигналы берілген кезде теміржол өтпелеріне шығу – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылысжайларының және өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген әрекеттер – тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Бап 608. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. ҚР Конституциялық Сотының 27.10.2023 № 34-НҚ нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының бірінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын.. 2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер – жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 5. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер – жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір
Бап 610. Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылығы
1. Көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген әрекет – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 611. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Ескертпе. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
Бап 612. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы
1. Жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болған жағдайда, Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, өзімен бірге басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі; Қазақстан Республикасында берілгендерін қоспағанда, көлік құралына тіркеу құжаттары; көлік құралына заңнамада белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы – ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргізіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиісті санаттағы көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Көлік құралын басқару құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 5. Басқару құқығы жоқ адамға (белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлік құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлік құралын басқаруға беру – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 613. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару
1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 2. Алып тасталды - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға және бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалға
Бап 614. Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру Көлік құралдарының жүрісіне қасақана кедергі келтіру – жеке тұлғаларға – үш,
Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру Көлік құралдарының жүрісіне қасақана кедергі келтіру – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 615. Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы
1. Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге әкеп соққан не материалдық залал келтірген әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он екі сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. 5. Көлік құралы жүріп келе жатқанда жолаушының көлік кабинасының (салонының) сыртында болуы – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп электр самокаттарды, велосипедтер мен ат-арба көлігін басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мініс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлік құралдары жолаушыларын түсіну керек.
Бап 619. Көлік құралдарын, сол сияқты тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу
1. Көлік құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғаның көлік құралын, сол сияқты тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберуі – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлікті бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 620. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
1. Кодекстің осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді бұзу – ескерту жасауға алып келеді. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпе. Хаттама жасау кезінде жол жүрісі қағидаларының нақ қандай нормасы бұзылғандығы көрсетіледі.
Бап 628. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскел
Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу – жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 619-1. Масаң күйдегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу
1. Көлік құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберуі – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарының, жүктердің, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет – жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бап 619-2. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру
1. Электр самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беруі – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын немесе өзге құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге алып келген дәл сол әрекет – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстанда ЖКО орнын тастап кеткені үшін қандай жауапкершілік бар?
ҚР ӘҚБтК 611-бабының 2-бөлігі бойынша жүргізушінің өзі қатысқан ЖКО орнын тастап кетуі — 50 АЕК айыппұл немесе 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру. Егер жүргізуші құқығынан айырылған болса немесе құқығы жоқ болса — 100 АЕК немесе 30 тәулікке қамаққа алу (3-бөлік). Ерекшелік: зардап шегушіні ауруханаға жеткізу үшін кетсе — жауапкершілік жоқ (бапқа ескертпе). ЖКО кезіндегі басқа міндеттерді орындамау (белгі қоймау, полиция шақырмау) — 1-бөлік бойынша 5 АЕК.
2026 жылы 1 АЕК қанша тұрады?
4 325 теңге (2026 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң). ҚР ӘҚБтК-де барлық айыппұл АЕК-пен белгіленген, сондықтан теңгедегі сома әр қаңтарда өзгереді.
ЖЖЕ айыппұлын жеңілдікпен төлеуге бола ма?
Иә: ҚР ӘҚБтК-нің 810–811-баптары бойынша құқық бұзушылықты дауламасаңыз, айыппұлдың 50 %-ын жеті тәулік ішінде төлеуге болады; камера тіркеген бұзушылықта мерзім нұсқама жеткізілген күннен бастап есептеледі. Бұзушылық үшін жүргізу құқығынан айыру немесе қамаққа алу көзделсе, жеңілдік берілмейді. Жеңілдікпен төлегеннен кейін айыппұлға шағымдануға болмайды.
Өз айыппұлдарыңызды қайдан тексеруге болады?
egov.kz порталында және eGov mobile қолданбасында, qamqor.gov.kz сайтындағы «Узнай о своих штрафах» сервисінде, сондай-ақ банк қолданбаларында, мысалы Kaspi-де. ЖСН қажет болады.
Не үшін жүргізу құқығынан айырады?
Мас күйде көлік жүргізгені және куәландырудан бас тартқаны үшін — 7–9 жылға, қамаққа алумен қоса; тыйым салынған жерде қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны үшін — 6 айға; жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін — айыппұл немесе 1 жылға айыру. ӘҚБтК-нің 30-тарауында басқа баптар да бар: 6 айдан 9 жылға дейінгі мерзімдер төмендегі баптарда көрсетілген.
