Басты бет › Ережелер › Таңба

Қазақстанның жол таңбалары — сызықтардың мағынасы

Көлденең таңба (1-топ) жолдың жүру бөлігіне, тік таңба (2-топ) жол құрылыстарының элементтеріне салынады. 1.1 тұтас сызығын кесіп өтуге тыйым салынады (ерекшеліктер — жол жиегіне аялдау және басқаша мүмкін болмайтын кедергіні айналып өту), 1.5 үзік сызығын кесіп өтуге болады; таңба мен жол белгілері бір-біріне қайшы келсе, жүргізуші белгілерді басшылыққа алады.

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

Көлденең таңба

1.1 1.1 - қарама-қарсы бағыттағы көліктердің ағынын бөліп тұрады және жолдарда қауіпті жерлердегі жүру жолағының шекарасын белгілейді; кіруге тыйым салынған жүру бөлігінің шекарасын белгілейді; көлік құралдарының тұрақ орындарының шекарасын және автомагистральдарға жатқызылмаған жолдардың жүру бөлігінің шетін белгілейді (таңбалардың нөмірленуі 1124 ҚР СТ-ға сәйкес келеді. Жол таңбасының атауы мен суреттері 3-суретте келтірілген);

1.2 1.2 (жалпақ тұтас сызық) - автомагистральдардағы жүру бөлігінің шетін білдіреді;

1.3 1.3 - төрт және одан да көп жүру жолақтары бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөледі;

1.4 1.4 - тоқтауға тыйым салынған орындарды білдіреді. Дербес немесе 3.27. белгісімен қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағынан қойылады;

1.5 1.5 - екі немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұрады; бір бағытта жүруге арналған екі немесе одан көп жолақтар болған кезде жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;

1.6 1.6 (жақындау сызығы - штрихтарының ұзындығы олардың арасындағы аралықтан 3 есе артық үзік сызық) қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттардағы көлік ағынын бөлетін 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындау туралы ескертеді;

1.7 1.7 (штрихтары қысқа және аралықтары оларға тең үзік сызық) - жол қиылысы шегіндегі жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;

1.8 1.8 (жалпақ үзік сызық) - екпінді жүру немесе тоқтау жолағы мен жүру бөлігінің негізгі жолағы арасындағы шекараны білдіреді (көше қиылыстарында, әртүрлі деңгейдегі жолдардың қиылысында, автобус аялдамаларының аймағында және осы сияқтыларда);

1.9 1.9 - реверстік реттеу жүзеге асырылатын жүру жолақтарының шекараларын білдіреді; реверстік реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік лектерін бөледі (реверстік бағдаршамдар сөніп тұрғанда);

1.10 1.10 - тоқтап тұруға тыйым салынған жерлерді білдіреді. Дербес немесе 3.28 - 3.30. белгілерімен қоса қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағына қойылады;

1.11 1.11 - бір жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етілген жолдардың учаскелерінде қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттағы көлік ағындарын бөледі; бір бағытта ғана жүруге рұқсат етілген тұрақ алаңдарынан және осындай жерлерде кері бұрылуға, кіруге және шығуға арналған жерлерді көрсетеді;

1.12 1.12 (тоқтау-сызығы) - жүргізуші 2.5. белгісі немесе бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы кезінде тоқтайтын орынды көрсетеді;

1.13 1.13 - жүргізуші қажет болғанда қиылысатын жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып, тоқтайтын орынды көрсетеді; 1.14.1, 1.14.2 ("зебра" (ала) - реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді; 1.14.2 таңбасының бағыттаушылары жаяу жүргіншілердің жүру бағытын көрсетеді;

1.14.3 1.14.3 - жүріс бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді;

1.15 1.15 - велосипед жолы жүру бөлігімен қиылысатын жерді білдіреді;

1.16.1 1.16.1 - 1.16.3 - орындарда бағыттайтын аралдарды білдіреді:

1.16.2 1.16.2 - бір бағыттағы көлік ағындарын бөлу, 1.16.3 - көлік ағындарының араласуы;

1.17 1.17 - маршруттық көлік құралдарының аялдамаларын және такси тұрақтарын білдіреді;

1.18 1.18 - жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етілген жүру бағыттарын көрсетеді. Дербес немесе 5.8.1., 5.8.2. белгілерімен қолданылады; тұйықтың суреті бар таңба жақын маңдағы жүру бөлігіне бұрылуға тыйым салынатынын көрсету үшін қойылады; сол жақтағы шеткі жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететін таңба кері бұрылуға да рұқсат етеді;

1.19 1.19 - жүру бөлігінің тарылуына (осы бағытта жүру жолақтарының саны азаятын учаскгеі немесе қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөліп тұратын 1.1 немесе 1.11 таңбасының сызықтарына жақындағаны туралы ескертеді. Бірінші жағдайда 1.19 таңбасы 1.18.1 - 1.18.3 белгілерімен қоса қолданылуы мүмкін;

1.20 1.20 - 1.13 таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

1.21 1.21 - ("ТОҚТА" деген жазу) - 2.5 белгісімен қоса қолданылатын кездегі 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

1.22 1.22 - жолдың (маршруттың) нөмірін көрсетеді;

1.23 1.23-маршруттық көлік құралдарына, басқа да қоғамдық көлікке және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының арналған арнайы жолақты көрсетеді.

1.28 1.28 (сары түсті таңба) – жол қиылысының учаскесін айқындайды.

Тік таңба

2.1 2.1 - элементтер жүріп келе жатқан көлік құралдарына қауіп төндірсе, жол ғимараттары элементтерін (көпір таянышы, жол құбырлары, парапеттердің бүйір бөлігі және сол сияқтылар) білдіреді;

2.2 2.2 - тоннельдердің, көпір және жолқұбырлары өту құрылымының төменгі шетін білдіреді;

2.3 2.3 - бөлу жолақтарында немесе қауіпсіздік аралдарында орнатылған дөңгелек тумбаны білдіреді;

2.4 2.4 - бағыттаушы бағаналарды, бағаншаларды, қоршау таяныштарын және сол сияқтыларды білдіреді;

2.5 2.5 - шағын радиустың айналыстарындағы, тік құлама жарлардағы, басқа да қауіпті учаскелердегі жол қоршауларының бүйір жағын білдіреді;

2.6 2.6 - басқа учаскелердегі жол қоршауларының бүйір жағын білдіреді;

2.7 2.7 - қауіпті учаскелер мен биіктегі қауіпсіздік аралдарының бордюрлерін білдіреді.

Тақырып бойынша билеттер: Жол таңбасы

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту