Борттық платформасы бар жүк автомобилімен жол жүрген кезде жолаушыларға түрегеп тұруға, борттарға немесе борттардан биік жүк үстіне отыруға:
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
Рұқсат етіледі.
Жол жүрісі жылдамдығы 30 км/сағ-тан кем болса, рұқсат етіледі.
Автомобиль отыруға арналған орындармен жабдықталмаған болса, рұқсат етіледі.
Тыйым салынады.
Дұрыс жауап: Тыйым салынады.
Неге бұлай
Қозғалыс кезінде шанақта тұруға, ернеулерге немесе ернеулерден биік жүк үстіне отыруға тыйым салынады. Төмен жылдамдық та, отыруға арналған жабдықталған орындардың болмауы да бұл тыйымды жоймайды.
Жолаушыларға: 1) көлік құралы жүріп келе жатқанда жүргізушіні оны басқарудан алаңдатуға; 2) борт платформасы бар жүк автомобилімен жол жүрген кезде түрегеліп тұруға, бортқа немесе борттардан биік тұратын жүктің үстіне отыруға; 3) көлік құралы жүріп келе жатқанда оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады; 4) мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқан кезде аяқ тіреуіштерге немесе орындыққа тұруға тыйым салынады.