Тарау 4. Жолаушылардың міндеттері
21. Жолаушылар: 1) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген кезде оларды тағуға (осы Қағидалардың 2-тарауы 9-тармағының 5) тармақшасын ескере отырып), ал мотоциклмен немесе мопедпен жүрген кезде түймеленген мотошлемде болуға; 2) тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті. Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады. (бұрынғы нөмірі — 4.1)
22. Жолаушыларға: 1) көлік құралы жүріп келе жатқанда жүргізушіні оны басқарудан алаңдатуға; 2) борт платформасы бар жүк автомобилімен жол жүрген кезде түрегеліп тұруға, бортқа немесе борттардан биік тұратын жүктің үстіне отыруға; 3) көлік құралы жүріп келе жатқанда оның есіктерін ашуға, сондай-ақ терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады; 4) мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқан кезде аяқ тіреуіштерге немесе орындыққа тұруға тыйым салынады. (бұрынғы нөмірі — 4.2)
Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері
Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары
Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 4. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.
- Жолаушыларды жүру бөлігі жағынан отырғызуға (түсіруге) рұқсат етіле ме? — 21-т. · 31 % қате жауап
- Жолаушыларға тыйым салынады: — 22-т. · 5 % қате жауап
Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.
