Сіз екінші дәрежелі жолда тұрсыз және солға бұрылған кезде басым жолмен жақындап келе жатқандардың барлығына жол беруге міндеттісіз. Сондықтан автобусқа да, мотоциклге де жол бересіз — олардың одан әрі жүру бағытының маңызы жоқ.
Маңызы бірдей емес жолдардың қиылысында екінші дәрежелі жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі олардың әрі қарай жүру бағытына қарамастан, басты жолмен жақындап қалған, оның ішінде кері бұрылуды жүзеге асыратын көлік құралына жол береді. Бөлу жолағы бар басты жолмен жүріп бара жатқан жүргізуші жол қиылысында кері бұрылуды жүзеге асырмас бұрын, екінші дәрежелі жолмен жол қиылысына жақындаған көлік құралының оған жол беретіндігіне көз жеткізеді.