Сіз тек автобусқа жол бересіз, өйткені қосымша тақтайшаға сәйкес басым жол оңға бұрылады, ал автобус басым жолмен жақындап келеді. Жеңіл автомобиль екінші дәрежелі жолмен келе жатыр және сіз кері бұрылуды орындаған кезде де сізге жол беруге міндетті.
Маңызы бірдей емес жолдардың қиылысында екінші дәрежелі жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі олардың әрі қарай жүру бағытына қарамастан, басты жолмен жақындап қалған, оның ішінде кері бұрылуды жүзеге асыратын көлік құралына жол береді. Бөлу жолағы бар басты жолмен жүріп бара жатқан жүргізуші жол қиылысында кері бұрылуды жүзеге асырмас бұрын, екінші дәрежелі жолмен жол қиылысына жақындаған көлік құралының оған жол беретіндігіне көз жеткізеді.