Осы жағдайда Сізге солға бұрылуды қай траектория бойынша орындауға рұқсат етіледі?
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
Кез келген траектория бойынша.
Тек I траектория бойынша.
Тек II траектория бойынша.
Дұрыс жауап: Тек II траектория бойынша.
Неге бұлай
Сізге солға тек II траектория бойынша — белгі осы бағытты көрсететін жолақтан бұрылуға рұқсат етіледі. Мұндағы ерекшелік трамвай жолдарына байланысты: жолақтар бойынша қозғалыс бағыттарын көрсететін белгі болған кезде бұрылу үшін оларға шығуға болмайды.
Шеңберлі жүріс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кезде бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе кері бұрылу алдында жүргізуші осы бағытта жүруге арналған жолдың жүру бөлігінде және жолақта тиісті шеткі орынға алдын ала ауысады. Егер жолда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.8.1 немесе 5.8.2 белгілері орнатылса, онда аталған маневрлерді тиісті жүру жолақтары бойынша жасауға рұқсат етіледі; бұл ретте шеткі жүру жолақтары бос болған кезде шеткі емес жолақтармен жүруге рұқсат етілмейді. Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.8.1 немесе 5.8.2 белгілерімен жолдың жүру бөлігінің жолақтарымен жүру бағыты көрсетілмесе, сол жақта жолдың жүру бөлігімен бір деңгейде орналасқан бір бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және кері бұрылу солардан бастап орындалуы тиіс. Бұл ретте жүргізуші трамвайға жол береді.