Реттеуші қолын жоғары көтерді, сондықтан бағдаршам оңға бұрылуға рұқсат беріп тұрса да, тоқтау-сызығының алдында тоқтауға тиіссіз. Тоқтау шұғыл тежеуді талап ететін жағдайда ғана қозғалысты жалғастыруға болады.
Жүргізушілер реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдың тікелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтін жағдайларда тоқтай алмаса осы тараудың 36-тармағында айқындалған орындарда тежегішті шұғыл баспай, әрі қарай жүруге рұқсат етіледі. Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жолдың жүру бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатады, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарсы көлік легін бөлуші сызықта тоқтайды.