Елді мекеннен тыс жерде Сіз жаяу жүргіншіні қағып кеттіңіз, ол есінен танған, қаны қатты ағып жатыр. Жедел жәрдем бір сағаттан ерте келе алмайтынын хабарлады, жол-жөнекей көліктер жоқ. Сіздің әрекетіңіз?
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
Зардап шеккенге тиіспей, оқиға орнында жедел жәрдем мен ішкі істер органдарының қызметкерлерін күту.
Зардап шеккенді ауруханаға жеткізіп, одан кейін жақын жердегі ішкі істер органына барып, оқиға туралы хабарлау.
Зардап шеккенді ауруханаға жеткізіп, ішкі істер органдарының қызметкерлері келгенге дейін сонда қалу.
Зардап шеккенді өз автомобиліңізбен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу, онда құжаттарыңызды көрсете отырып, тегіңізді және автомобильдің нөмірін хабарлау және оқиға болған жерге қайтып келу.
Дұрыс жауап: Зардап шеккенді өз автомобиліңізбен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу, онда құжаттарыңызды көрсете отырып, тегіңізді және автомобильдің нөмірін хабарлау және оқиға болған жерге қайтып келу.
Неге бұлай
Шұғыл жағдайда зардап шеккенді жол-жөнекей көлікпен жөнелтеді, ал ол болмаса — өзің жеткізесің. Ауруханада тегіңді және мемлекеттік тіркеу нөмірін айтасың, құжаттарыңды көрсетесің және оқиға болған жерге міндетті түрде қайтып келесің. Қақпан — «ауруханада қалу» немесе «полицияға бару»: қағида оқиға болған жерге қайтып келуді талап етеді.
8) жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші: Осы Қағидалардың 7-тарауы 45-тармағының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға; зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге; Осы Қағидалардың 1-тарауы 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге; егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға; жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді өзгелердің айналып өтуін қамтамасыз етуге міндетті. Мотоциклді немесе мопедті басқару кезінде жүргізушілер түймеленген мотошлемде болады және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыларды тасымалдамайды.