Мұнда кері бұрылуға тыйым салынады, өйткені жолдың көрінуі небәрі 90 метрді құрайды. Ерекшелігі — кері бұрылу үшін жолдың көрінуі кемінде 100 метр болуы тиіс.
Кері бұрылуға: 1) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында; 2) тоннельдерде; 3) көпірлерде, жолөткелдерде, эстакадаларда және олардың астында; 4) теміржол өтпелерінде; 5) жолдың жүру бөлігінің көріну мүмкіндігі бір жүз метрден кем жерлерде; 6) аялдау пункттері орналасқан жерлерде тыйым салынады.