Дұрыс жауап: Қозғалтқышпен тежеуді қолданып, жылдамдықты төмендету ұсынылады.
Неге бұлай
Су басқан учаскеде автомобильді бақылауда ұстайтындай етіп жылдамдықты төмендетуіңіз керек. Қозғалтқышпен тежеу жылдамдықты бірқалыпты азайтуға мүмкіндік береді, ал жолмен ілінісу жоғалған кезде тежегішті күрт басу сырғанауды күшейтуі мүмкін.
Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін және жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізеді. Жылдамдық жүргізушіге осы Қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді. Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі және (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады.