Сен екі жаяу жүргіншіге де жол бересің, өйткені оңға бұрылған кезде өзің бұрылатын жолдың жүру бөлігінде олардың әрқайсысының қозғалыс жолын кесіп өтесің. Мұндағы ерекшелік: жаяу жүргіншілердің қозғалыс бағыты мен олардың жолды қай жағынан бастап кесіп өткені маңызды емес.
Оңға немесе солға бұрылған кезде жүргізуші өзі бұрылатын жолдың жүру бөлігін өзінің жүру бағыты бойынша кесіп өтетін жаяу жүргіншіге, оны велосипед жолымен кесіп өтетін велосипедшіге және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.9 белгісімен белгіленген (осы Қағидалардың 18-тарауы 126-тармағын ескере отырып) жолақ бойымен жүріп келе жатқан маршруттық көлік құралдарына және басқа-да қоғамдық көлікке жол береді.