Артта жүріп келе жатқан көлік құралдары болған кезде ғана оң жақ бұрылу көрсеткішін қосу.
Дұрыс жауап: Бұрылу көрсеткішін қосу талап етілмейді.
Неге бұлай
Сіз оңға қарай жеке маневр жасамай, жолдың иілісіне сәйкес өз жолағыңызбен қозғалысты жалғастырасыз. Мұндағы ерекшелік — қозғалыс траекториясының иілісі бұрылыс сияқты көрінеді, бірақ бұл жерде оң жақ бұрылыс көрсеткішін қосу талап етілмейді.
Сол жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не сол жаққа сол қолды созу не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол сол жаққа маневр жасау сигналы болып табылады. Оң жаққа бұрылудың жарық көрсеткіші не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тік бұрыш жасап жоғары бүгілген сол қол оң жаққа маневр жасау сигналы болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы беріледі. Артқа жүру сигналы артқы жүріс шамын жағу және авариялық сигнал беруді қосу арқылы беріледі. Бұрылу көрсеткіштерімен немесе қолмен сигнал беру жол жүрісіне басқа қатысушыларды жаңылыстырмай, маневрді орындау басталғанға дейін алдын ала беріледі және ол аяқталғаннан кейін дереу тоқтатылады (сигналды қолмен беруді тікелей маневрді орындау алдында аяқтауға болады). Сигнал беру жүргізушіге артықшылық бермейді және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.