Осы жағдайда, қиылыста басып озуды орындауға Сізге рұқсат етіле ме?
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
Рұқсат етіледі.
Тыйым салынады.
Дыбыстық сигнал беріп, рұқсат етіледі.
Дұрыс жауап: Тыйым салынады.
Неге бұлай
Алдағы автобус сол жақ бұрылыс көрсеткішін қосты. Сол жолақпен алда келе жатқан көлік құралының жүргізушісі солға маневр жасау туралы сигнал берсе, басып озуды бастауға болмайды (77-т.). Оның үстіне бұл реттелмейтін қиылыс, ал сен басты жолмен келе жатқан жоқсың. Мұндай қиылыста да басып озуға тыйым салынған (81-т.). Дыбыстық сигнал бұл тыйымды жоймайды.
Басып озуды бастамас бұрын жүргізуші: 1) өзі шығуды көздеген жүру жолағы басып озу үшін жеткілікті аралықта бос екендігін және осы маневрмен ол қарама-қарсы және осы жолақта артта жүріп келе жатқан, оның ішінде осы Қағидалардың 19-тарауы 139 және 140-тармақтарына сәйкес ескерту сигналдарын беруші көлік құралдарына кедергі келтірмейтініне; 2) осы жолақта артта келе жатқан көлік құралының басып озуды бастамағанына; 3) осы жолақ бойымен алда кетіп бара жатқан көлік құралы жүргізушісінің солға маневр жасау туралы сигнал бермегеніне; 4) қарама-қарсы жүру жолағына (жағына) шыға отырып, басып озуды аяқтағаннан кейін, өзі басып озған көлік құралына кедергі тудырмай, бұрын жүріп келе жатқан жол жолағына келе алатынына көз жеткізуі қажет.