«А1» кіші санатына жатпайтын мопед (велосипед) жүргізушісіне осы жағдайда солға бұрылуға (кері бұрылуға) рұқсат етіле ме?
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
Рұқсат етіледі.
Тыйым салынады.
Дұрыс жауап: Рұқсат етіледі.
Неге бұлай
Саған солға бұрылуға немесе кері бұрылуға рұқсат етіледі: мұнда трамвай жүрісі жоқ және сенің бағытыңда бір ғана жолақ бар. Мұндағы қулық — қарсы бағыттағы жолақ сенің бағытыңдағы екінші жолақ болып есептелмейді.
Электр самокаттар мен велосипедтерді жүргізушілерге: 1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге; 2) жолаушыларды тасымалдауға арналған бейімдемелері бар велосипедтермен тасымалдаудан басқа, жолаушыларды тасымалдауға; 3) тасымалдауға арналған арнаулы бейімдемелері бар велосипедтермен жүкті, сондай-ақ габаритінен ұзындығы немесе ені елу сантиметрден артық шығып тұрмайтын жүкті тасымалдаудан басқа, жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауына; 4) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына; 5) велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, электр самокаттарды және велосипедтерді, сондай-ақ электр самокаттармен және велосипедтермен сүйретуіне; 6) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуіне; 7) жол жүрісі қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп-тұруына; 8) жолдың жүру бөлігінде басқаруы кезінде түймеленген шлемсіз болуына жол берілмейді.