Осы жағдайда тура бағытта қозғалысын жалғастыруға ниетті жасыл түсті автомобильдің жүргізушісі:
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
Оңға бұрылуға тиіс.
Көршілес жол жүрісі жолағына қайта сап түзей алады.
Тура бағытта қозғалысын жалғастырады.
Бағдаршамның рұқсат беретін сигналын күтіп, осы жолақтан тура бағытта қозғалысын жалғастырады.
Дұрыс жауап: Бағдаршамның рұқсат беретін сигналын күтіп, осы жолақтан тура бағытта қозғалысын жалғастырады.
Неге бұлай
Қызыл сигнал Сізге тура жүруге тыйым салады, сондықтан рұқсат ететін сигналды күту қажет. Оңға бағытталған қосылған нұсқар бұрылуға рұқсат береді, бірақ Сізді бұрылуға немесе қайта сапқа тұру арқылы жолақты босатуға міндеттемейді.
Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар: 1) жасыл сигнал жүруге рұқсат етеді; 2) жасыл жыпылықтаған сигнал жүруге рұқсат етеді және оның қолданылу уақыты өтіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандық табло қолданылады); 3) сары сигнал осы бөлімнің 37-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда жүруге тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді; 4) сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелмейтін көше қиылысының немесе жаяу жүргінші өтпесінің бар екенін хабарлайды, қауіптен сақтандырады; 5) қызыл, оның ішінде жыпылықтайтын сигнал, жүруге тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы жүруге тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғаны хабар береді.