Егер жүк қауіп төндірмейтіндей етіп орналастырылса және қажет болған жағдайда бекітілсе, оны тасымалдауға рұқсат етіледі. Жүктің әр жағынан 0,4 м шығып тұруының өзі мұндай тасымалдауға тыйым салмайды.
Жүк тасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол: 1) адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікке залал келтірмейтіндей етіп көлік құралында орналастырылса және қажет болған жағдайда бекітілсе; 2) жүргізушіге шолуды және көрінуді шектемесе; 3) басқаруды қиындатпаса және көлік құралының орнықтылығын бұзбаса; 4) көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын құрылғыларды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын жауып тұрмаса немесе қолмен берілетін сигналдарды жауып тұрмаса; 5) алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамаса жол беріледі. Егер жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргізуші аталған тасымалдау ережелерінің бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін болмаса - әрі қарай жүруді тоқтатуға міндетті.