Басты бет › Тақырып бойынша билеттер › Маневр жасау › Сұрақ 2061

Маневр жасау · Сұрақ 2061

Елді мекеннен тыс жерде Сіз жеңіл автомобильмен жүріп келесіз және оң жақ жол жиегіне аялдауға ниеттеніп отырсыз. Осы жол жиегімен Сізбен бағыттас велосипедші келе жатыр, Сіз оны қуып жетіп барасыз. Сіз қалай әрекет етесіз?

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

  1. Оң жақ бұрылу көрсеткішін қосып, жол жиегіне шығу — велосипедші механикалық көлік құралына жол беруге міндетті
  2. Велосипедшіге жол беру және оны жылдамдығын немесе жүру бағытын өзгертуге мәжбүрлемейтіндей жол жиегіне шығу
  3. Велосипедші жол жиегін босатуы үшін дыбыстық сигнал беріп, аялдау

Дұрыс жауап: Велосипедшіге жол беру және оны жылдамдығын немесе жүру бағытын өзгертуге мәжбүрлемейтіндей жол жиегіне шығу

Неге бұлай
Аялдау немесе тұрақ орнына келгенде сен жүру бөлігінің шетімен немесе жол жиегімен келе жатқандарға жол бересің: жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге, мопед және көлік арба жүргізушілеріне. Жол жиегіндегі велосипедші саған ештеңе қарыз емес — оның жолына шығып жатқан сенсің. Тұзақ: қосылған бұрылу көрсеткіші артықшылық бермейді.
ЖИ-түсіндірме түймелері жаттықтырғышта жұмыс істейді · ҚР ЖЖЕ-дегі норманы ашу

Терминдер: автомобиль, аялдау, велосипед, велосипедші

Норманың толық мәтіні: ҚР ЖЖЕ, 50-т.

Жүргізуші аялдау немесе тұрақ орнына келген кезде жолдың жүру бөлігінің шетімен немесе жол жиегімен келе жатқан жаяу жүргіншілерге, велосипед, мопед, көлік арба жүргізушілеріне, мініс және жүк артылған мал айдаушыларға жол береді.
← АлдыңғыМаневр жасау▶ ЖЖЕ тесті: Маневр жасауКелесі →
Осы тақырып бойынша жаттығыңыз

Жаттықтырғышта — тақырыптың әр сұрағының талдауы, интервалды қайталау және СпецЦОН форматындағы емтихан. Тегін, қазақ және орыс тілдерінде.

Telegram-да ашу

Сұрақты талқылау

Тақырыптың басқа сұрақтары

Нұсқаулық: жүргізуші куәлігін қалай алу керек

Қазақстандағы оң жақтан кедергі: кім кімге жол бередіЖЖЕ айыппұлдары: қалай тексеріп, 50 % жеңілдікпен төлеуге болады

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту