Осы жағдайда барлық бағыттарда жүруге тыйым салынады.
Дұрыс жауап: Осы жағдайда барлық бағыттарда жүруге тыйым салынады.
Неге бұлай
Бағдаршамның негізгі сигналы қызыл, ал оңға бағытты көрсететін қосымша секцияның сигналы өшірулі. Сондықтан сен тура да, солға да, оңға да жүре алмайсың — барлық бағытта жүруге тыйым салынады.
Қызыл, сары және жасыл түсті бағыттаушы түрінде орындалған бағдаршам сигналы тиісті түстердегі дөңгелек сигналмен бірдей мағыналас, бірақ олардың күші бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Бұл ретте солға бұрылуға рұқсат беретін бағыттаушы, егер бұған тиісті жол белгісімен тыйым салынбаса, кері бұрылуға да рұқсат етеді. Сілтеме. Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара контурлы бағыттаушылар кескінделген дөңгелек қызыл және сары сигналдар пайдаланылуы мүмкін. Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетін бағыттағы жүріске тыйым салынғанын білдіреді.