Жолда екі жолақ бар: әр бағыт үшін бір-бірден. Мұндағы жаңылыстыратын тұс — жолақтар тек Сіздің бағытыңыз бойынша емес, жүріс бөлігінің бүкіл ені бойынша есептеледі.
Рельссіз көлік құралдарына арналған жүру жолақтарының саны таңбалармен немесе осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгілерімен айқындалады, ал егер олар болмаса, жолдың жүру бөлігінің енін, көлік құралдарының көлемін және олардың арасындағы қажетті аралықты ескере отырып, жүргізушілердің өздері айқындайды. Бұл ретте, егер жол жүрісін ұйымдастыру өзгеше жүру тәртібін айқындамаса, сол жақта орналасқан жолдың жүру бөлігінің (не жолдың жүру бөлігінің шетін айқындау мүмкін болмағанда, жол полотносының) жарты ені қарсы жүруге арналған жағы болып табылады. Қарсы жүруге арналған жақтарды бөлетін шартты сызықты айқындау кезінде жолдың жүру бөлігінің (жол полотносының) бір жерінде енінің кеңеюі назарға алынбайды.