Осы жол учаскесінде жеңіл автомобильді басқара отырып, қандай ең жоғары жылдамдықпен қозғала аласыз?
Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:
70 км/сағ.
90 км/сағ.
100 км/сағ.
110 км/сағ.
140 км/сағ.
Дұрыс жауап: 140 км/сағ.
Неге бұлай
Автомагистральда, егер 3.24 жол белгісі бұдан төмен шектеу белгілемесе, жеңіл автомобильге 140 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Мұндағы ерекшелік: 110 км/сағ шегі бөлу жолағы бар жай жолдарға қатысты, ал бұл жерде автомагистраль.
Елді мекендерден тыс мыналарға: 1) жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ сағатына 140 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 110 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 100 километрден аспайтын; 2) рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автомагистральдарда - сағатына 110 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 100 километрден аспайтын, қалған жолдарда - сағатына 90 километрден аспайтын; 3) басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 асатын жүк автомобильдеріне автомагистральдарда сағатына 90 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарда сағатына 80 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 70 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.