Басты бет › Ережелер › 6. Арнаулы сигналдарды қолдану

Тарау 6. Арнаулы сигналдарды қолдану

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

40. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маягі іске қосылған жедел және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындау кезінде, жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда осы Қағидалардың 5 (реттеушінің сигналдарынан басқа), 8 - 18- тараудың , осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшалардың талаптарын орындамауы мүмкін. Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін мұндай көлік құралдарының жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосуы тиіс. Олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана басымдықты пайдалана алады. Бұл құқықты Қағидалардың осы тармағында белгіленген жағдайларда жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдары ілесіп жүретін көлік құралдарының жүргізушілері де пайдаланады. (бұрынғы нөмірі — 6.1)

41. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олардың ілесіп жүруіндегі басқа көлік құралдарының кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатады. (бұрынғы нөмірі — 6.2)

42. Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосулы тоқтап тұрған көлік құралдарына жақындаған кезде жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкіндік болуы үшін жылдамдықты азайтады. (бұрынғы нөмірі — 6.3)

43. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяктары қосылған көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген және кедергі жоқ екеніне көз жеткізілген жағдайда жол белгілері (осы Қағидалардың 1-қосымшана сәйкес 2.2, 2.4, 2.5, 2.6, 3.11, 3.12, 3.13, 3.14, 3.17.2, 3.20 жол белгілерінен басқа) мен жол таңбаларының, сондай-ақ осы Қағидалардың 63 , 64 , 65 , 66 , 67 және 118-тармақтарының талаптарын орындамауы мүмкін. Бұған қоса, жол қатысушылары олардың қызметіне кедергі келтірмейді. 7 - тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану (бұрынғы нөмірі — 6.4)

Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері

Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары

Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 12. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.

Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту