Басты бет › Ережелер › 25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету

Тарау 25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

177. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрағын ұйымдастыру: 1) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 3.28, 3.29, 3.30 жол белгілерінің күші қолданылмайды; 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдары басқаруға арналған тиісті механизмдермен және (немесе) керек-жарақтармен жабдықталуға тиіс; 3) 5.15 белгісіне қоса осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.17 белгісі орнатылған жағдайда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.15 жол белгісінің күші "мүгедектігі бар адам" деген таным белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылады; 4) тыйым салатын немесе ұйғаратын белгілерге қоса осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.18 белгісі орнатылған жағдайда онда осы жол белгілерінің күші "мүгедектігі бар адам" деген таным белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайды. (бұрынғы нөмірі — 25.1)

178. "Мүгедектігі бар адам" деген таным белгісі бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің: 1) тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі аялдауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта аялдауға және көлік құралын тоқтатып қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды; 2) жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеуді тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар. (бұрынғы нөмірі — 25.2)

179. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін "мүгедектігі бар адам" деген таным белгісі бар көлік құралдарының жүргізушілері тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарды отырғызу немесе түсіру үшін көлік құралын елді мекендерде тоқтауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта тоқтатады. (бұрынғы нөмірі — 25.3)

180. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамға немесе көру қабілетінен толық айырылған адамға қызмет көрсететін, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамның немесе көру қабілетінен толық айырылған адамды межелі жерге және кері қарай қолынан жетектеп жүретін, "мүгедектігі бар адам" деген таным белгісі бар көлік құралының жүргізушісі елді мекендерде көлік құралын осы тараудың 178-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттарда тоқтатады. (бұрынғы нөмірі — 25.4)

Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері

Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары

Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 1. Олардың кейбірі:

Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту