Тарау 21. Жүргізіп үйрену
146. Көлік құралын жүргізуді бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргізілуі тиіс. (бұрынғы нөмірі — 21.1)
147. Жолдарда жүргізіп үйрену тек қана үйретушімен және үйренушінің бастапқы басқару дағдылары болған кезде, механикалық көлік құралында жолаушылар болмағанда ғана жүзеге асырылады. (бұрынғы нөмірі — 21.2)
148. Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі, ал үйренушінің - жеке басын куәландыратын құжаты және көлік құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады. (бұрынғы нөмірі — 21.3)
149. Жүргізуді үйренуге арналған механикалық көлік құралы Негізгі ережелердің 6-тармағының талаптарына сәйкес қосымша жабдықталады. (бұрынғы нөмірі — 21.4)
150. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша және оқу процесінде жүргізуді үйрету шеберінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады. (бұрынғы нөмірі — 21.5)
Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері
Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары
Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 3. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.
- Жалпы пайдаланымдағы жолдарда көлік құралын жүргізуге үйретуге рұқсат етіле ме? — 150-т. · 32 % қате жауап
- Көлік құралдарын жүргізуге бастапқы үйрету жүргізіледі: — 146-т. · 13 % қате жауап
Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.
