Басты бет › Ережелер › 20. Механикалық көлік құралдарын сүйрету

Тарау 20. Механикалық көлік құралдарын сүйрету

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

141. Сүйрету тіркеуді қолдана отырып немесе көлік құралының алдыңғы жағына арнаулы тірек құрылғысына сүйрететін көлік құралына асу жолымен немесе оны сүйрететін көлік құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады. (бұрынғы нөмірі — 20.1)

142. Қатты немесе иілгіш тіркемемен сүйрету, қатты тіркеме конструкциясы сүйретілетін көлік құралы сүйретушінің траекториясы бойынша жүретін түзу сызықты жүруді қамтамасыз ететін жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретілетін көлік құралында жүргізуші болған кезде ғана жүзеге асырылады. (бұрынғы нөмірі — 20.2)

143. Иілгіш тіркемемен сүйреткен кезде сүйретуші және сүйрелетін көлік құралдарының арасында төрт-алты метр шегінде, ал қатты тіркемемен сүйрету кезінде - төрт метрден аспайтын арақашықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Байланыстыратын буындар Негізгі ережелердің тиісінше 12 және 13-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс. (бұрынғы нөмірі — 20.3)

144. Иілгіш немесе қатты тіркемемен сүйреткен кезде - сүйретілетін автобуста (троллейбуста) және сүйретілетін жүк автомобилінің шанағында жолаушылардың болуына, ал аспалы түрде немесе ішінара тиеу арқылы сүйреткен кезде сүйретілетін көлік құралының кабинасында немесе шанағында, сондай-ақ сүйретушінің шанағында жолаушылардың болуына тыйым салынады. (бұрынғы нөмірі — 20.4)

145. Мынадай жағдайларда: 1) рульмен басқаруы істемейтін көлік құралын (аспалы түрде немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол беріледі); 2) екі және одан көп көлік құралын; 3) егер нақты массасы сүйрейтін көлік құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесі істемейтін көлік құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты массасы аз болған кезде мұндай көлік құралын қатты тіркемемен немесе ішінара тиеу әдісімен ғана сүйретуге жол беріледі; 4) қапталдағы тіркемесі жоқ мотоциклмен, сондай-ақ мұндай мотоциклді; 5) көктайғақта иілгіш тіркемемен сүйретуге тыйым салынады; 6) мопедтерді, сондай-ақ мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа мопедтерді. (бұрынғы нөмірі — 20.5)

Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері

Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары

Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 6. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.

Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту