Тарау 18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы
125. Жол қиылысынан тыс, трамвай жолдары жолдың жүру бөлігін кесіп өтетін жерлерде трамвай, деподан шыққаннан жағдайлардан басқа, рельссіз көлік құралдарының алдында артықшылыққа ие болады. (бұрынғы нөмірі — 18.1)
126. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.9, 5.9.2, 5.9.3, 5.9.4, 5.10.1, 5.10.2, 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдарының (осы Қағидалардың 166 және 168-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) және М3 санатындағы өзге де көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды. (бұрынғы нөмірі — 18.2)
127. Елді мекендерде жүргізушілер белгіленген маршрутпен жүріп келе жатқан, белгіленген аялдамалардан жүруді бастайтын троллейбустар мен автобустардың жүргізушілеріне жол береді. Троллейбустар мен автобустардың жүргізушілері оларға жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді бастайды. (бұрынғы нөмірі — 18.3)
Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері
Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары
Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 13. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.
- Осы жағдайда деподан шығып келе жатқан трамвайға қандай көлік құралдарының жүргізушілері жол береді? — 125-т. · 46 % қате жауап
- Көрсетілген траекториялардың қайсысы бойынша жеңіл автомобильге жол жүрісін жалғастыруға рұқсат етіледі? — 126-т. · 45 % қате жауап
- Көлік құралына жүк түсіру (тиеу) үшін жеңіл автомобильдің осы жол жолағында аялдауына рұқсат етіле ме? — 126-т. · 41 % қате жауап
- Осы жағдайда Сізге жолаушыны отырғызуға рұқсат етіле ме? — 126-т. · 39 % қате жауап
- Елді мекеннен тыс жерде жүрген кезде аялдама пунктінен қозғалысты бастаған автобусқа жол бересіз бе? — 127-т. · 37 % қате жауап
- Осы жағдайда қалай әрекет етесіз? — 127-т. · 36 % қате жауап
Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.
