Тарау 17. Тұрғын аймақтарда жүру
121. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс. (бұрынғы нөмірі — 17.1)
122. Тұрғын аймақта: 1) көлік құралдарының толассыз жүруіне; 2) жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне; 3) жүргізіп үйренуге; 4) осы Қағидалардың 88-тармағының 5) тармақшасының ережелерін ескере отырып, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электромобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға; 5) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына; 6) дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға; 7) тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады. (бұрынғы нөмірі — 17.2)
123. Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде жол жүрісіне басқа қатысушыларға жол береді. (бұрынғы нөмірі — 17.3)
124. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады. (бұрынғы нөмірі — 17.4)
Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері
Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары
Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 3. Олардың кейбірі:
Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.
