Басты бет › Ережелер › 16. Автомагистральдарда жүру

Тарау 16. Автомагистральдарда жүру

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

118. Автомагистральдарда: 1) көлік құралынан тыс жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ үй жануарларының тұруына, велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды, сондай-ақ техникалық сипаттамалары немесе олардың жай-күйі бойынша жылдамдығы сағатына 40 километрден кем өзге де көлік құралдарын басқаруға; 2) рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерін екінші жолақтан әрі басқаруға; 3) 5.15 немесе 6.11 белгілерімен белгіленген, тұраққа арналған арнайы алаңдардан тыс жерлерге аялдауға; 4) бөлу жолақтарының технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге; 5) артқа қарай жүруге; 6) жүргізіп үйренуге тыйым салынады. (бұрынғы нөмірі — 16.1)

119. Жолдың жүру бөлігінде мәжбүрлі аялдау кезінде жүргізуші көлік құралын Қағидалардың 7-бөлімінің талаптарына сәйкес белгілейді және оны осыған арналған жолаққа (жолдың жүру бөлігін белгілейтін сызықтан оңға қарай) шығару шараларын қолданады. (бұрынғы нөмірі — 16.2)

120. Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.3 белгісімен белгіленген жолдарға да қолданылады. 17- тарау. Тұрғын аймақтарда жүру (бұрынғы нөмірі — 16.3)

Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері

Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары

Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 10. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.

Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту