Басты бет › Ережелер › 14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары

Тарау 14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары

106. Көлік құралының жүргізушісі өзінің жүру бағытындағы жолдың жүру бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерге жол береді. (бұрынғы нөмірі — 14.1)

Авторы: Бауыржан Бакибаев, BaurAI · Жаңартылды:

107. Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алдында аялдаса немесе жүрісін баяулатса, көршілес жол жолағы бойымен жүруші басқа көлік құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе жүрісін баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүрісін жалғастыра алады. (бұрынғы нөмірі — 14.2)

108. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда, жүргізуші оның бағытындағы жолдың жүру бөлігін кесіп өтуді аяқтап қалған жаяу жүргіншіге жол береді. (бұрынғы нөмірі — 14.3)

109. Егер өзінен кейін жүргізушіні жаяу жүргінші өткелінде аялдауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жаяу жүргінші өткеліне шығуға тыйым салынады. (бұрынғы нөмірі — 14.4)

110. Барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерде де жүргізуші ақ түсті таяқпен сигнал берген көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншіні өткізеді. (бұрынғы нөмірі — 14.5)

111. Жүргізуші аялдамада тұрған маршруттық көлік құралына немесе одан (есік жағынан) келе жатқан жаяу жүргіншіге, егер көлікке отырғызу немесе түсіру жолдың жүру бөлігінде немесе онда орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргіншілерге жол береді. (бұрынғы нөмірі — 14.6)

112. "Балаларды тасымалдау" деген таным белгісі бар тоқтап тұрған көлік құралына жақындағанда жүргізуші жылдамдықты азайтады, қажет болған жағдайда тоқтайды және балалар тобын өткізіп жібереді. (бұрынғы нөмірі — 14.7)

Ресми мәтін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033003 · Тармақтардың ескі және жаңа нөмірлері

Осы тарау бойынша емтихан сұрақтары

Осы тараудың тармақтары бойынша жаттықтырғыштағы сұрақ саны: 14. Төменде ең жиі қателесетін сұрақтар берілген.

Тақырып бойынша талдауы бар билеттер — бөлімде Тақырып бойынша билеттер.

Telegram-да ашуБраузерде ашу

Telegram-дағы жаттықтырғышқа өту